Ссылки доступа

Шавкат Мирзияев 10-11 маусымда Тәжікстанға барады


Өзбекстан президенті 10-11 маусымда ресми сапармен Тәжікстанға барады.

Бұл жөнінде президенттің баспасөз хатшысы Шерзод Асадов хабарлады.

Сапардың алғашқы күні Душанбеде келіссөздер жүргізіп, екінші күні Худжандта өтетін бірқатар шараларға қатысады деп күтіледі.

XS
SM
MD
LG