Қырғызстан ішкі істер министрлігінің Ресейдегі өкілдігінің хабарлауынша, жалған құжаттардың бәрі шетелде дайындалған. "Орталық Азия елдерінен келген азаматтардың қырғыз азаматының паспорты мен көлік жүргізу куәлігін заңсыз пайдалануы жиілеп кетті", - дейді мекемедегілер.
2017 жылғы 1 мамырда Қырғызстан азаматтарына биометрикалық ID-card бере бастады. Құжаттың халықаралық қауіпсіздік стандарттарына сай он түрлі қорғаныс элементі бар.