Ссылки доступа

МАГАТЭ Солтүстік Кореяның плутоний өндіргенін анықтаған


Генеральный директор МАГАТЭ Рафаэль Гросси, 7 июня 2021 года

Атом қуаты жөніндегі халықаралық агенттік Солтүстік Кореяның реактор отынынан плутоний бөліп шығару жұмысын жүргізгенін анықтаған.

Материал ядролық қару жасау мақсатында қолданылуы мүмкін, деп мәлімдеді МАГАТЭ басшысы Рафаэль Гросси.

МАГАТЭ Солтүстік Кореядағы ядролық нысандарды тексере алмайды. КХДР басшылығы 2009 жылы БҰҰ-ның ядролық қуат саласындағы жұмыстарды бақылайтын инспекторларын елден шығарып жіберді.

Сол себепті ұйым Солтүстік Кореядағы жұмыстарды спутниктен түсірілген суреттердің көмегімен бақылауға мәжбүр, деп хабарлады "Америка дауысы". Олар Солтүстік Кореяның Йонбендегі ядролық кешеніндегі жұмыстарды жіті бақылап отыр.

Ұйым мамандары жақында ядролық кешеннің радиохимиялық зертханасынан бу шыққанын байқаған. Бұған дейін бұл кешен үш ай бойы жұмыс істемей тұрған. Сол кезде Гросси реактор 2018 жылғы желтоқсанда жабылған болуы мүмкін деп болжаған.

XS
SM
MD
LG