"Узбекипаксаноат" компаниясының өкілі жібек пілләсінің орнына ақша жинап жатқанын растады.
"Фермерлерге 1-2 құты жібек құрты берілген. Егер оларда тұт талы жоқ болса, қайтіп қоректендіреді. Фермерлер жібек құрттарын суға ағызып жіберген. Енді жоспарды орындамағаны үшін олардан ақша жинап жатыр. 90 соттық жер үшін фермерлер 450 000 сум ($42) төлеп жатыр", - дейді сурхандариялық фермерлердің бірі.
Осы арада Наманган облысының Пап ауданы әкімшілігінің сайтында осы жылы жоғарғы сападағы жібері пілләсі жиналғаны жазылған.
2017 жылы өзбек президенті Шавкат Мирзияев жібек өндірісін өндіру үшін "Узбекпаксаноат" ассоциациясын құру жөнінде жарлық шығарған.
Бұл құжатқа сәйкес, 2021 жылы жібек өндіруді 50% көбейту жоспарланған.
Өзбекстанда 2023 жылға дейін үй шартында жібек өндірген фермерлер қосымша құн салығынан босатылған.
Ресми мәлімет бойынша, Өзбекстан жібек өндіру бойынша Қытай мен Үндістаннан кейін үшінші орында.