Ссылки доступа

Кездесуге келген азаматтардың бірі Франция президентінің жағынан тартып жіберген


Франция президенті Эммануэль Макрон Тен-ЛʼЭрмитаж коммунасында халықпен кездесуге барғанда оған күш қолданылған. Оқиға 8 маусымда Францияның солтүстік-батысында болған.

Бұл оқиғадан кейін мемлекеттік қызметкерге күш қолданды деген күдікпен екі адам ұсталды. Le Figaro хабарлағандай, бұл саясаткерге қарсы қол көтерген алғашқы жағдай.

Макрон қаланың шетіне шығып, Валанс қаласындағы "Кішкентай хатшы" мейрамханасына түскі ас ішуге баруды жоспарлаған. Бірақ оның атын атап, шақырған адамдарға қарай барған. Осы кезде олардың арасынан жасыл жейде және маска киген адам президенттің жағынан тартып жіберген.

Видеожазбада ол “Макронизм жоғалсын" деп айқайлағанын көруге болады.

Француз саясаткерлері бұл оқиғаны қатаң айыптап жатыр.

XS
SM
MD
LG