Ссылки доступа

Өзбекстан Қырғызстанның Баткен облысында мектеп тұрғызады


Өзбекстан Қырғызстанның Баткен облысындағы Самаркандек ауылында мектеп тұрғызады.

Аймақ әкімдігінің хабарлауынша, Баткен облысының басшысы Абдикарим Алимбаев, Баткен ауданының әкімі Учкунбек Жоробаев және Өзбекстанның Ферғана облысының басшысы Хайрулло Базаров кездесіп, осындай келісімге қол қойды.

Мектеп жетпіс жылдан астам уақыт бұрын салынған жергілікті гимназия ғимаратының орнына салынады. Бұл жобаны жүзеге асыру шарттары әзірге белгісіз.

Қырғызстанда 2262 мектеп бар. 2018 жылы билік екі жүзге жуық мектептің құлағалы тұрғанын хабарлады. Бұған қоса республикада 600-ге жуық орта мектеп жетіспейді.

XS
SM
MD
LG