Ссылки доступа

Мирзияевтің Тәжікстанға сапары барысында отыздан астам құжат қабылданады


Президент Узбекистана Шавкат Мирзияев с лидеровм Таджикистана Эмомали Рахмоном (архивное фото).

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің 10-11 маусымда Тәжікстанға сапары барысында отыздан астам құжатқа қол қойылады. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Өзбекстан басшысының көрші елге сапары кезінде Душанбе қаласында бірнеше ресми шара ұйымдастырылады. Мирзияев ресми кездесулер өткізіп, әлеуметтік нысандардың ашылу салтанаттарына қатысады, құжаттарға қол қояды.

Душанбеде екі елдің басшылары халықаралық және аймақтағы саясат туралы пікір алмасады, одан соң мәдени шараларға бірге қатысады.

Одан соң мемлекет басшысы Соғды облысындағы қоғам өкілдерімен кездесіп, бірқатар өндіріс нысандарын аралайды.

Ресми мәлімет бойынша, Өзбекстан мен Тәжікстан арасындағы сауда айналымы былтыр 500 миллион доллардан асты, екі жүзден астам бірлескен кәсіпорын құрылды.

Көрші елдердің ресми тұлғалары сауда айналымын 1 миллиард долларға жеткізуді көздеп отыр.

XS
SM
MD
LG