Ссылки доступа

Тәжікстан үкіметі Ресейдегі тәжік мигранттарынан құжаттарын 15 маусымға дейін заңдастыруын сұрады


Тәжікстанның еңбек, миграция және халықты жұмыспен қамту министрлігі Ресейдегі тәжік мигранттарынан құжаттарын 15 маусымға дейін заңдастыруын сұрады.

Құжаттары дұрыс емес еңбек мигранттары Ресейден депортацияланады, деп ескертті тәжіктің еңбек министрлігі.

Еңбек мигранттары Ресейдің көші-қон қызметтеріне барып, құжаттарын заңдастыруын сұрауы тиіс. "Мемлекеттік тіркеуден өту керек", - делінген министрлік жариялаған видеороликте.

Тіркеуге қатысты сауалдары бар еңбек мигранттары Тәжікстанның еңбек министрліктерінің кеңселеріне хабарласып, кеңес сұрай алады.

Бұның алдында Ресейдің ішкі істер министрлігі 15 маусымға дейін ел аумағында жүріп-тұру құқығына қатысты құжаттарын дұрыстамағандар елден депортацияланатынын ескерткен. Ресей милициясының мәліметі бойынша, Тәжікстанның 247 мың азаматы Ресейде заңсыз жүр.

XS
SM
MD
LG