9 мамырда парламентте бұл келісім туралы мәлімет берген Тәжікстанның қаржы министрі Файзиддин Каххорзода билік жобасының ашықтығын қамтамасыз етеміз деді. Оның сөзінше, Дүниежүзілік банкпен қол қойған келісім аясында 165 мың отбасына 500 сомониден (50 доллар шамасында) бір реттік көмек беріледі.
Былтыр мамыр айында Дүниежүзілік банк пен Тәжікстан үкіметі COVID-19 пандемиясының салдарын тез жою мақсатында қаржылай көмек алу жөнінде келісімге келген. Онда банк Тәжікстанға қайтарымсыз негізде 21,3 миллион доллар беретіні хабарланған. Өткен жылы бұл жоба аясында Тәжікстандағы тұрмысы төмен 50 мың отбасына 500 сомониден бір реттік көмек берілген.
Тәжік билігінің мәліметіне қарағанда, елдегі азаматтардың 30% кедейшілікте өмір сүреді. Пандемия кезінде мұндай отбасылардың саны көбейген.