Ссылки доступа

Түркия мен Қырғызстан арасында рейстер саны көбейеді


Түркия мен Қырғызстан арасында ұшатын рейстер саны көбейеді. Бұл жөнінде түрік президенті Режеп Тайып Ердоған 9 маусымда хабарлады.

Ол Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен кездесуден кейін екі ел арасындағы ұшатын рейстер 28-ге дейін көбейетінін жеткізді.

Тет-а-тет форматындағы кездесуден кейін Садыр Жапаров пен Режеп Тайып Ердоған Қырғызстан мен Түркия арасындағы Стратегиялық ынтымақтастықтың жоғарғы кеңесінің 5-отырысына қатысқан.

Садыр Жапаровтың Түркияға ресми сапары 9 маусымда басталды. Ол 11 маусымға дейін Түркияның Ұлы Ұлттық Кеңесінің төрағасы Мұстафа Шентоппен де кездеседі.

Қырғыз президенті екі ел кәсіпкерлерінің бизнес форумына қатысқаннан кейін, Анкарада тұратын және оқитын жерлестерімен жолықпақшы.

Бұл Садыр Жапаровтың шетелге жасаған бесінші сапары.

XS
SM
MD
LG