Ссылки доступа

Қарақалпақстанда төрт адамды топырақ басып қалды


Қарақалпақстанның Қоңырат ауданында су құбырын жүргізу үшін жер қазған төрт адамды топырақ басып қалды.

Қарақалпақстан Республикасы прокуратурасының мәліметі бойынша, 9 маусымда Қоңырат ауданындағы Суэнли ауылында төрт жігіт су құбырын тарту үшін жер қазған. Жұмыс кезінде жердің үстіңгі қабаты отырып, төрт адам топырақ астында қалған.

Үш жігіт оқиға орнында қаза тапты, топырақ астынан шығарылған бір жасөспірім аудандық ауруханаға жеткізілді.

Қоңырат ауданының прокуратурасы оқиғаға қатысты тергеу жүргізіп жатыр.

XS
SM
MD
LG