Ссылки доступа

Шавкат Мирзияев Душанбеге келді


Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 10 маусымда ресми сапармен Тәжікстанға келді.

Тәжікстан президентінің ресми сайтының хабарлауынша, өзбек президентін Душанбе халықаралық әуежайында тәжік әріптесі Эмомали Рахмонның өзі күтіп алған.

Тәжікстан президенті Мирзияевті жылы қарсы алды, деп хабарлады президент сайты. Одан соң олар Ұлт сарайына аттанды. Ресми кездесулер осында өтеді.

Шавкат Мирзияевтің Тәжікстанға сапары барысында отыздан астам құжат қабылданады деп жоспарланған.

Екі ел арасындағы тауар айналымы былтыр 500 миллион доллардан асты.

XS
SM
MD
LG