Ссылки доступа

Қырғызстан алдағы екі жылда байланыс жылдамдығын 5G-ға жеткізбек


Қырғызстанның сандық даму министрлігі 2023 жылдың соңына дейін технологияны 5G жеткіземіз деп жоспарлап отыр. Бұл жөнінде Қырғызстанның 2021-2023 жылдарға арналған сандық экономикалық тұжырымдамасында айтылған.

Мекеменің мәліметінше, қазір байланыс саласы әлі 4G-ға да жетпеген, бірақ ұлттық телекоммуникациялық сала 5G енгізуді қажет етеді.

5G технологиясын енгізу үшін байланыс операторларына тиімді жағдай жасалынуы тиіс. Ол үшін жиілікті қазіргі радиоэлектрондық құралдардан босатуы тиіс. Сонымен бірге таулы аймақтарға тестілеу жұмысын жүргізуі қажет.

2020 жылы коронавирус пандемиясы басталған кезде, "5G антеннасы арқылы вирус тарайды екен" деген әңгіме шыққан. Сол кезде қырғыз билігі Қырғызстан аумағына әлі 5G енгізілмегенін, радиотолқындар вирус тарата алмайтынын жеткізген.

XS
SM
MD
LG