Ссылки доступа

Сириядағы босқындар лагерінде отырған тәжік әйелдер Эмомали Рахмоннан көмек сұрады


Сириядағы Әл-Хол босқындар лагерінде отырған тәжік әйелдер Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонға үндеу жолдап, мемлекет басшысынан елге оралуға көмектесуін сұрады.

Сириядағы босқындар лагерлерінде кезінде Сирия мен Иракта "Ислам мемлекеті" тобы жағында соғысқан содырлардың әйелдері мен балалары отыр.

Сирияның солтүстігіндегі Әл-Хол және Родж лагерлерінде шамамен 600 тәжік әйелдері мен балалары отыр. Олардың дені Сирияға күйеулеріне еріп келген, бұл аймақта шын мәнінде не болып жатқанын білмеген.

Тәжікстан президентіне жазған хатында босқындар лагеріндегі тәжік әйелдері мемлекет басшысынан оларға елге оралуға көмектесуін сұраған. Бұның алдында Рахмон Сириядағы лагерлердегі 500 тәжік әйелі мен баласы елге оралады деп мәлімдеген.

"Сіздің сөзіңіз бізге күш берді. Біз отанға оралатын сәтті тағатсыздана күтіп жүрміз. Балаларымыз бұл елде өскенін қаламаймыз", - деп жазды тәжік әйелдері.

XS
SM
MD
LG