Ссылки доступа

Қырғызстанда Оңтүстік-батыс кеденінің басшысы Нурбек Айтмаматов ұсталды


Оңтүстік-батыс кеденінің басшысы Нурбек Айтмаматовты заңсыз жолмен байыды деген күдікпен ұстаған. Мәліметті Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті растады.

Тергеу нұсқасы бойынша, Айтмаматов қызмет бабын пайдалана отырып, кеденде жемқорлық жасаған, ол үшін жалған құжаттар пайдаланған.

Заңсыз жолмен келген байлықты Айтмаматов жылжитын және жылжымайтын мүліктер сатып алу арқылы заңдастырып отырған. Ол отыздан астам қымбат пәтер, оннан астам автокөлік сатып алған.

10 маусымда Айтмаматов ұсталып, арнайы қызметтің тергеу изоляторына қамалды.

XS
SM
MD
LG