Шенеуніктің айтуынша, екі жылда прокуратура 7500-ден астам жер шешімін өзгерткен.
"Әкімшілік соттар аудан әкімдерінің 2500-ден астам шешімінің күшін жойған. 588 адамның үстінен қылмыстық іс қозғалған" , - деді Рахимов.
Бұның алдында, 8 маусымда президент Шавкат Мирзияев жер бөлу және сату жүйесін реформалау туралы жарлыққа қол қойды.
Сарапшылардың кейбірі бұл жарлық жағдайды одан сайын қиындатып, жер сататын шенеуніктердің жұмысын жеңілдедеті деп есептейді.