Ссылки доступа

Өзбекстанда ВИЧ-инфекциясын "әдейілеп" басқа адамға жұқтырған әйел ұсталды


Өзбекстанның Бұхара облысына қарасты Вобкент ауданында 34 жастағы әйел ВИЧ инфекциясы бар екенін біле тұра, қорғалмаған жыныстық қатынас арқылы басқа адамға жұқтырған. Бұл туралы Азаттықтың өзбек қызметі хабарлады.

Мәліметке қарағанда, полиция бұл факты бойынша қылмыстық іс қозғаған. Осыған дейін тиісті мекемелер ВИЧ-ті басқаларға жұқтырса, қылмыстық іс қозғалатынын бірнеше рет ескерткен.

Одан ВИЧ инфекциясы 2019 жылы анықталып, облыстық СПИД орталығына тіркеуге алынған.

XS
SM
MD
LG