2-4 маусымда Грекия астанасы Афинаға өзбек делегациясы барған.
Тараптар екі ел арасында туризмді дамыту жөнінде пікір алмасып, бұл салада мамандар алмасуға келіскен. Атап айтқанда, екі елдің туризм оқу орындарында студенттер тәжірибе алмасатын болады.
Бұдан бөлек екі ел арасындағы 2006-2009 жылдарға арналған білім, ғылым және мәдениет саласындағы ынтмақтастықтың тұжырымдамасы қайта жазылмақ.