Ссылки доступа

Эмомали Рахмон Хатлон облысының табиғи апаттан зардап шеккен аудандарын аралады


Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 15 маусымда Хатлон облысына келіп, көктемде су тасқыны мен лай көшінен зардап шеккен аудандарды аралады.

Тәжікстанда мамыр айында нөсең жаңбыр салдарынан тоғыз адам қаза тапты, солардың сегізі - Хатлон отблысының тұрғыны.

Таңертең Эмомали Рахмон Ифтихор ауданындағы Навобод ауылында болды. 9 мамырға қараған түні мұнда лай көші жүрген. 20 үй қираған.

Билік лай көшінен зардап шеккен жиырма отбасына жер бөліп берді.

Тәжікстан президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін таңертең Эмомали Рахмон дайын болған үйлердің кілттерін тапсырған. Табиғат апатынан зардап шеккен тұрғындар осы уақытқа дейін уақытша баспаналарда тұрған.

Озоди радиосы дереккөзінің хабарлауынша, одан соң Эмомали Рахмон Кулябқа барады. Онда да табиғат апатынан зардап шеккен елді мекендерді аралайды.

Тәжікстанда табиғат апаттары жиі болып тұрады. 1992-2020 жылдар аралығында су тасқынынан, селден, жер сілкінісінен және лай көшінен 7 миллион адам зардап шеккен, ел экономикасы шамамен 2 миллиард доллар шығынға ұшыраған.

XS
SM
MD
LG