Ссылки доступа

Белсенділердің қырғыз-тәжік шекарасындағы жанжалға қатысты шағымы Халықаралық қылмыстық сотта тіркелді


Халықаралық қылмыстық сот прокурорының кеңсесі қырғызстандық белсенділердің қырғыз-тәжік шекарасындағы жанжалға қатысты шағымы тіркелгенін хабарлады.

Заңгер Сания Токтогазиева 14 маусымда прокурор кеңсесінен хат алғанын фейсбуктегі парағына жазды. Бұның алдында ол елдің құқық қорғау органдары тарапынан ешқандай көмек болмағанын айтқан. "Керісінше, олар бізге қандай да бір мәлімет беруден бас тартты, дамыған елдерде халықаралық сотқа шағымды мемлекеттік органдар тапсырады", - деп жазды адам құқықтарын қорғаушы.

Еске салайық, 6 маусымда қоғамдық ұйымдар мен заңгерлер Халықаралық қылмыстық соттың прокурорына үндеу жолдап, Тәжікстанның әскери қызметкерлері мен бас қолбасшыларының Қырғызстандағы бейбіт тұрғындарға қарсы әскери қылмыстарын тексеруін сұраған.

Еске салайық, Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы әскери жанжал 28-30 сәуірде болды. Соның салдарынан 36 қырғызстандық қаза тапты. Тәжікстан билігі шекарадағы жанжалдан 19 азамат қаза тапқанын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG