Ссылки доступа

Тәжікстанда екі банкті жою процесі басталды


Душанбеде "Точиксодиротбанктің" бас кеңсесі
Душанбеде "Точиксодиротбанктің" бас кеңсесі

Тәжікстанда банкрот деп танылған "Точиксодиротбанк" пен "Агроинвестбанк" банктерін жою процесі басталды. Бұл туралы 15 маусымда елдің Ұлттық банкі жариялады.

Мекеме мәліметіне қарағанда, Душанбе экономикалық соты апта басында аталған екі банкті жою процесін бастау туралы шешім қабылдап, арнайы үйлестірушілерді дайындаған. Олар "Несие беруші мекемелерді жою туралы" заң аясында салымшылар мен борышкерлердің талаптарын атқарумен айналысады.

Сот шешіміне сәйкес, "Агроинвестбанк" пен "Точиксодиротбанкты" жою процесі екі жылдан артық уақытқа созылмауы керек. Бірақ сот өтініш негізінде бұл мерзімді тағы екі жылға ұзарта алады.

Ұлттық банк мәліметіне қарағанда, "Агроинвестбанктың" салымшыларының жалпы саны - 27,7 мың, "Точиксодиротбанктыкі"- 5,5 мың адам.

Бүгінгі күнге дейін "Агроинвестбанк" 86%, "Точиксодиротбанк" 64% салымшыларының ақшасын қайтарып берген. Қалғандарының қарызы қордың және жойылып жатқан банктердің мүліктерін сатудан түскен қаражат есебінен жабылады.

Тәжікстандағы ең ірі несие беруші банктер ретінде саналып келген бұл қаржы институттарының лицензиясын Ұлттық банк 21 мамырда кері қайтарып алған. Екі банк 2015 жылдан бері дағдарысқа тап болып, салымшылардың ақшасын қайтара алмай келеді.

2016 жылы билік бұл банктерге 3,3 миллиард сомони көлемінде көмек берген. Бірақ бәрібір дағдарыстан шыға алмады.

XS
SM
MD
LG