Ссылки доступа

Тәжікстандықтар Өзбекстанға кіре алмай жүр (видео)


КПП на таджикско-узбекской границе. 2018

Тәжікстан тұрғындары Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің Душанбеге сапарынан соң екі ел арасындағы шекара бекеттері ашылады деп үміттенген.

Алайда шекарада тексеру-өткізу бекеттері әлі жабық тұр. Көрші елге әуе жолымен ғана баруға болады.

Өзбекстан аумағына автокөлікпен Ресей азаматтары ғана еркін кіре алады. Басқа елдердің азаматтары республика аумағына өту үшін алдын ала рұқсат қағаз алуы тиіс.

Бірақ екі апта бұрын Тәжікстанға келген Обиджон Отабоев құжаттары бола тұра Өзбекстандағы отбасына қайта алмай жүр.

Отабаев Тәжікстан азаматы, бірақ оның отбасы Өзбекстанда тұрады. "Әйелім Өзбекстаннан, менің құжаттарым түгел. Екі баламыз бар. Тәжікстанға виза алу үшін келдім, бірақ мені өткізбей жатыр. Өзбекстанға әуе жолымен ғана өтуге болады екен", - деп ашуланды Отабоев.

Коронавирус пандемиясы кезінде Өзбекстан мен Тәжікстан шекараларын былтыр наурызда жапты. Шекара содан бері ашылған жоқ. Көрші екі елдің басшылары 11 маусымда Душанбеде кездесті, бірақ олардың шекараны ашу мәселесін талқылаған-талқыламағаны әзірге белгісіз.

XS
SM
MD
LG