Ақпаратқа қарағанда, 15 маусымда бас қаладағы №15 мектепке полиция және әскери комиссариаттардың өкілдері барған. Олар әскерге шақыру алған 18 жасқа толған түлектерді емтиханға бірінші кіргізіп, одан шығарып, бірден әскерге алып кеткен.
Радио тілшісінің айтуынша, мұндай жағдай Ашғабадтағы басқа мектептерде де болған.
Түркіменстанда мектеп бітірушілерді бірден әскерге алып кету тәжірибесі соңғы жылдары жүйелі түрде қолданылып келеді. Осыған дейін 18 жасқа толған жігіттерді өлкеге ұшып келген бетте, әуежайдан әскерге алып кеткен оқиғалар тіркелген.