Ссылки доступа

Тәжікстанда әлеуметтік желідегі жазбасы үшін заңгер 5,5 жылға сотталды


Абдулмаджид Ризоев
Абдулмаджид Ризоев

Душанбе қаласының Шохмансур аудандық соты Facebook әлеуметтік желісіндегі жазбасы үшін заңгер Абдулмажид Ризоевті 5,5 жылға бас бостандығынан айырды.

Ризоевтің адвокаты Дилафруз Самадованың айтуынша, сот заңгердің жазбасын "экстремистік" деп тапқан.

"Прокуратура Ризоевтің Facebook’тағы бірнеше жазбасына талдау жүргізіп, оны "ұлттық қауіпсіздіктің тұрақсыздығына әкелуі мүмкін экстремистік іс-қимылдарға шақыруға" айыптаған. Прокурор оның "Ақылды үкімет наразылықтардың себептерімен күреседі, надан билік наразылыққа шыққандармен күреседі" деген жазбасында жасырын экстремизм жатыр деп атаған", - деді адвокат.

Ол Ризоев кінәсіз екенін, ешқандай заңды бұзбағанын айтты.

Кезінде "Ампаро" құқық қорғау ұйымында еңбектенген Абдумажид Ризоев соңғы жылдары азаматтарға заңдық кеңес беретін "Дурахшон гурух" қоғамдық бірлестігінде істеп келген.

Тәжікстанда 2016 жылы Қылмыстық кодекске "экстремизм мен терроризмді ашық ақтау" түсінігі енгізілген. Содан бері "осындай мазмұндағы жазбалар" авторлары және оған "лайк" басқандар экстремистік идеяларды жақтайды деп айыпталып келеді.

XS
SM
MD
LG