Ссылки доступа

Қытай Тәжікстанға жол жөндеуге 200 млн доллар береді (видео)


Дорога в ГБАО. Архивное фото

Қытай Тәжікстанға Душанбе-Хорог-Кулма жолын жөндеуге 203,9 млн доллар грант береді.

Тәжікстанның көлік министрі Азим Иброхим 16 маусымда парламент отырысында осылай деп мәлімдеді. Министрдің айтуынша, қаражат Калайхумб-Вандж-Рушан жолын жөндеуге жұмсалады.

Грант бөлген Қытай шарт қойған. Қытай компаниясы қаражатты өзі жұмсайды, жұмысты да өзі жүргізеді, ал елге әкелінетін құрылыс материалдарын Тәжікстан салықтан босатады. Құрылыс жұмыстарын да Қытай компаниясы жүргізеді.

Парламенттегі отырыста Қытайдан жол жөндеуге қанша жұмысшы мен маман келетіні айтылмады.

"Душанбе-Кулма жолы халықаралық дәлізге кіреді. Тәжікстанның Қытаймен, Ауғанстанмен, Қырғызстанмен сауда жасауда маңызы зор", - деді министр.

Пекин тәжік экономикасының басты инвесторына айналды. Душанбенің Қытайға қарызы 1.1 млрд доллар болды.

Китай предоставит Таджикистану 200 млн долларов на реконструкцию дороги
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:01:24 0:00

XS
SM
MD
LG