Ссылки доступа

Өзбекстан арнайы қызметінің бұрынғы ғимараты 20 миллион долларға сатылды


Улица Сайилгох в Ташкенте, где находится бывшее центральное здание СГБ

Өзбекстан Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің Ташкенттегі Сайилгох көшесінде орналасқан бұрынғы ғимараты 210 миллиард сумға ($19,5 млн) сатылды.

Мемлекеттік активтер жөніндегі агенттік мәліметі бойынша, тендердегі сауданы "Metropol Group" компаниясы жеңген.

Davletov.uz telegram-арнасының мәліметіне қарағанда, "Metropol Group" компаниясы Данияр Камиловқа тиесілі. Ол - Өзбекстанның бұрынғы сыртқы істер министрі Абдулазиз Камиловтың ұлы.

Арнайы қызметтің бұрынғы ғимараты сатылатыны бұған дейін хабарланған еді.

XS
SM
MD
LG