Ссылки доступа

Қырғызстанда биыл егістік қуаңшылықтан күйіп кетуі мүмкін (видео)


Қырғызстандағы шаруалар су беруін талап етті. Ай аяғына дейін су болмаса, егістік күйіп кетеді. Сол кезде елде азық-түлік дағдарысы орнайды.

В Кыргызстане из-за нехватки воды может погибнуть урожай
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:49 0:00

Шу облысының шаруасы Анатолий Косаревтің су кезегінде тұрғанына бір ай болыпты. Ол биыл жүгері еккен.

"Бір аптадан соң егістік сола бастайды. Су жоқ, топырақ құрғап қалды. Өкініште. Қанша ақша кетті, оны ешкім қайтармайды", – деп шағымданды Косарев.

Бұл ауданда екі мың гектар алқап бар. Сондағы әрбір шаруа биыл қуаңшылықтың зардабын тартып отыр. Жергілікті су арнасы биыл таяз, мұндағы су былтырғыдан үш есе аз.

"Егістіктің 30 пайызы күйіп кетті. Биыл егіс бітік шықпайды. Дағдарыс. Қырғызстаның азық-түлік қауіпсіздігіне ауыр соққы", – деп есептейді Су қолданушылар қауымдастығының директоры Майрамбек Беркутбаев.

Шу облысының шаруалары Бішкек қаласында митинг өткізген. Олар үкіметтен суды көрші елдерге беруді доғаруын талап етті. Алайда үкімет шаруалардың мұндай айыптауларын жоққа шығарып отыр.

"1983 жылғы ережеге сәйкес, Шу өзенінің суы Қырғызстанға ғана емес, Қазақстанға да тиесілі. Бізге 58 пайыз, қазақтарға 42 пайыз. Бірақ су тапшы, біз ғана емес, олар да соның зардабын тартып отыр", – деді су ресурстары агенттігінің басшысы Алмаз Сокеев.

XS
SM
MD
LG