Ссылки доступа

Қытай алғашқы экипажын орбитадағы жаңа станциясына ұшырды


Пуск ракеты "Чанчжэн-2F" с космодрома Цзюцюань

Қытай алғашқы экипажын Жер орбитасындағы жаңа станциясына ұшырды. "Шэньчжоу-12" ғарыш кемесі "Чанчжэн-2F" зымыран тасығышының көмегімен орбитаға шығарылды. Кеме елдің солтүстігіндегі Цзюцюань ғарыш айлағынан ұшырылды.

Ғарыш кемесінде үш адам бар. Олар орбитада үш ай болады. Бұл туралы "Синьхуа" агенттігі хабарлады.

Экипаж құрамында 56 жастағы Не Хайшэн, 54 жастағы Лю Бомин және 45 жастағы Тан Хунбо бар. Хайшэн бұған дейін екі мәрте ғарышқа ұшса, Бомин ғарышта бір рет болған. Хунбо алғаш рет ғарышқа көтерілді.

Олар ашық ғарышқа екі рет шығып, станция жұмысын тексереді және робот манипуляторды сынақтан өткізеді.

Қытайдың жаңа "Тяньгун" ("Аспандағы сарай") ғарыш станциясы орбитаға биыл сәуірде шығарылды. Онда үш адам өмір сүретін орын бар. Станцияға екі жылда екі зертхана қосылады. Сол кезде станцияның жалпы салмағы жүз тонна болады.

XS
SM
MD
LG