Ссылки доступа

Қырғызстанда экс-вице-премьер қамауға алынды


Бішкекте Бірінші май аудандық соты экс-бірінші вице-премьер министр Тайырбек Сарпашевті 31 шілдеге дейін қамауға алу жөнінде шешім шығарды.

Арнайы қызмет таратқан мәліметке сәйкес, Тайырбек Сарпашев канадалық "Центерра Голд" компаниясының өкілдерімен құпия сөйлесіп, аймаққа экологиялық тұрғыдан зиян келтірген.

Тергеу ісі ол үкімет басында отырғанда, кенде мұздықтардың сақталуын қамтамасыз ететін заң жобасын қабылдатуға тосқауыл қойған дейді.

Сарпашевтің туыстары және қорғаушылары әзірге бұл оқиғаға байланысты түсініктеме бермеді.

Ол 2012-2014 жылдары экономика және инвестиция бойынша вице-премьер-министр, 2014-2015 жылдары бірінші вице-премьер-министр қызметін атқарған.

Сарпашев 2015 жылдың қараша айынан 2017 жылдың маусым айына дейін Мемлекеттік тіркеу қызметін басқарған.

XS
SM
MD
LG