Ссылки доступа

Түркіменстанда газ үшін қарызы барлар арзан азық-түлікке кезекке тұра алмайды


Түркіменстанның Лебап облысының тұрғындары газ төлемдерін уақытында төлемесе, азық-түлік сатып ала алмайды. Билік оларға табиғи газ беруді тоқтатып, мүлкін тәркілейміз деп қорқытып жатыр.

Азаттықтың түркімен қызметі хабарларғандай, газға қарызы барлар жеңілдетілген бағада ұн, май және қант сатып ала алмайды.

Көгілдір отын үшін көбінесе тұрмысы төмен отбасылар мен жарымжан азаматтар қарыз.

Бұл уақытта елде азық-түлік қымбаттап жатыр.

Мәселен, қаңтарда ұнның бір адам үшін бір айлық нормасы бес келіге дейін қысқарған.

Түркіменстан әлемде газ қоры бойынша төртінші, газ кендерінің көлемі бойынша екінші орында тұр. Табиғи ресурстарға бай болғанымен бірнеше жылдан бері өлкеде экономикалық дағдарыс етек алып, азық-түлік тапшылығы басым.

XS
SM
MD
LG