Ссылки доступа

Тенгиз Бөлтүрүк: Құмтөр алтын кені өндірісінде қиындық көп


Қырғызстандағы Құмтөр алтын кені өндірісіне қажетті заттарды жеткізуде қиыншылық көп, Нью-Йорк сотының шешімінен соң компаниялар кенге қызмет көрсетуін тоқтатқан. "Құмтөр Голд Компанидің" сырттай уақытша басқарушысы Тенгиз Бөлтүрүк 21 маусымда "Биринчи Радио" эфирінде осылай деп мәлімдеді.

"Нью-Йорк сотының банкроттыққа қатысты шешімінен соң қызмет көрсетуші компаниялардың дені қызметін уақытша тоқтатқан. Нью-Йорктегі заңгерлеріміз кепілхат жолдап, қызмет көрсетушілер жұмысын тоқтатпауы тиіс екенін ескертуге мәжбүр. Келіссөз жүргізуге мәжбүрміз", - деді Бөлтүрүк.

Оның айтуынша, "Құмтөр Голд Компани" есептері әлі ашылмаған. Компанияны сырттай уақытша басқарушылар жұмысшылардың айлығын төлеу үшін "тез арада алтын сатуға" мәжбүр болған.

Бұның алдында Centerra Gold Inc. Нью-Йорктегі сотқа жүгінген. 8 маусымда Банкроттық туралы істер жөніндегі сот канадалық компанияның салалас компанияларына қарсы қылмыстық іс қудалауға, олардың мүлкін тәркілеуге болмайтыны туралы шешім шығарған.

16 мамырда Centerra Gold Inc. Қырғызстан үкіметінің үстінен төрелік сотқа шағымданғаны мәлім болды. 20 мамырда компания Құмтөр алтын кенін басып алды деп мәлімдеп, Тенгиз Бөлтүрүкті сотқа берді.

17 мамырда Қырғызстан парламенті "Құмтөр" компаниясы қызметін тексеру жөніндегі мемлекеттік комиссия есебін тыңдап, үкіметке "Құмтөр Голд Компаниге" сырттай уақытша басқару енгізуге кеңес берді.

Құмтөр - Қырғызстандағы ең ірі алтын кені.

XS
SM
MD
LG