Ссылки доступа

Қарақалпақстанда жәрдемақы алмаған тұрғындар көшені жапты


Қарақалпақстанның Кегейли ауданында жұмыссыздық үшін төленетін жәрдемақыны өз уақытында алмай қалған тұрғындар көшені жапты. Бұл туралы Өзбекстанның Ұлттық ақпарат агенттігі аудандық әкімшілікке сілтеме жасап хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, халықты жұмыспен қамтамасыз ету орталығының аудандық бөлімінің есебінде қаражат болмағандықтан, сәуір және мамыр айлары үшін төлемдер берілген емес. Осыған байланысты 20-дан астам адам наразылық акциясын өткізіп, жолдардың бірін жапқан.

Бұл оқиғадан кейін облыстағы жұмыссыз 218 азаматқа 120,33 миллион сум (11,3 мың доллардан астам) көлемінде жәрдемақы төленген.

Осыған дейін Қарақалпақстанның бас қаласы Нүкіс қаласында зейнетақыны өз уақытында берілмегеніне наразы тұрғындар акцияға шығып, көшелердің бірін басып алғаны хабарланған.

XS
SM
MD
LG