Әкімшілік заң бұзушылық туралы кодекске енгізілетін өзгертуге сәйкес, жануарларды қинаған, жаралаған немесе өлтірген адамға 600 сомони (50 доллар) айыппұл төлейді. Бұған дейін осындай қылмыс жасағандарға 300 сомони айыппұл төлеткен.
Депутат Бахриддин Зиёидің айтуынша, азаматтық қоғам өкілдері заңға осындай өзгеріс енгізуді сұраған.
Заң жобасын талқылау кезінде депутаттар үйсіз иттердің көзін жою мәселесі туралы жақ ашпады. Былтыр Худжанд қаласында ғана 700-ден астам итті өлтірген. Қаңғыбас иттерді өлтіруге құқық қорғау органдарының қызметкерлері көмектескен.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, олар иттерді у қосылған шұжықпен улаған. Оны жеген иттер ұзақ уақыт қиналып өлген.
Тәжікстанда үйсіз иттерге арналған орын жоқ. Азаматтық қоғам белсенділері жануарларды қорғауға арналған арнайы мекемелер ашуды сұрап отыр.