Ссылки доступа

Өзбекстанда бұқаралық спорт жарыстарының жеңімпаздарына жеңілдіктер беріледі


Өзбек билігі 1 тамыздан бастап халық арасында "спорт жарыстарын" ұйымдастыруды көздеп отыр. Жеңімпаздарға жеңілдіктер мен шипажайға жолдама беріледі.

Мемлекет басшысы Шавкат Мирзияевтің халық арасында дене шынықтыруды насихаттау туралы жарлығында осылай делінген.

"Спорт жарыстарына" жеті жасар баладан бастап жетпіс жастағы қарияға дейін қатыса алады. Олар спорттың 15 түрі бойынша жарысады. Оған ұзақ және қысқа қашықтыққа жүгіру, жүзу, белтемірге тартылу және снаряд лақтыру спорттары енген.

Жеңімпаздар 11 жас ерекшелігі бойынша анықталады. Оларға жеңілдіктер мен шипажайларға жолдама беріледі. Атап айтқанда, жеңімпаз әскери қызметке өз таңдауымен бара алады, әскери лицейге байқаусыз қабылданады, медициналық тексеруден тегін өтеді, қоғамдық көлікте тегін жүреді.

XS
SM
MD
LG