Ссылки доступа

Өзбекстанда шығарылған автобустар Бішкекте жүре бастады


Өзбекстанда шығарылған ISUZU автобустары Бішкекке келді

Бішкек қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бактыбек Кудайбергенов 22 маусымда "Бірінші радиоға" берген сұқбатында Өзбекстаннан шығарылған 50 автобус келгенін хабарлады.

Оның мәліметіне қарағанда, автобустар 22 маусымнан 1 шілдеге дейін жолаушыларды тегін тасиды.

Қырғыз үкіметі Өзбекстанның "Самарқанд-авто" зауытымен ISUZU маркасындағы 350 автобусты сатып алу бойынша келісімге келген. Автобустардың екінші партиясы қазан айына дейін келеді.

ISUZU сайтында бір автобустың бағасы 33 мың АҚШ доллары екені жазылған.

XS
SM
MD
LG