Ссылки доступа

Өзбекстан: судьялардың айлығы өскеннен кейін сот жүйесінде жемқорлық азайған


Өзбекстанда судьялардың айлығы жоғарылағаннан кейін, сот жүйесіндегі жемқорлық азайған. Осылай деп өлкенің Жоғарғы сот кеңесінің төраға орынбасары Алишер Жалилов баспасөз мәслихаты кезінде мәлімдеді.

Оның сөзінше, Өзбекстанда судьялар 16 миллион сумнан (1 500 доллар шамасында) жоғары айлық алады.

"Бірқатар жерде қызметтік және мемлекеттік құпия болғандықтан, айлық көрсеткіші ашық айтылмайды. Соттардың айлығы істейтін жері, атқаратын қызметіне байланысты 18-21 дәреже бойынша анықталады. Мысалы, 18 дәреже бойынша істеген судьялардың айлығы 16 миллон сумнан басталады. Атқаратын ісіне байланысты 17-18 миллион сум алатын судьялар да бар. Олардың айлығы өсіп, біздің әлеуметтік қорғауымыздың деңгейін көтеріп жатыр", - деді Жалилов.

Өзбекстанда судьялардың айлығы биыл жыл басында көтерілген. Бірақ бұл құпия мәлімет болғандықтан, нақты қанша айлық алып жатқаны айтылмайды.

XS
SM
MD
LG