Ссылки доступа

Өзбекстанда қоғамдық көліктерде маскасыз жүруге тыйым салынды


Өзбекстанда бұдан былай қоғамдық көлік жүргізушілері мен метро кондукторлары маскасыз жүрген адамдарға қарсы шаралар қолдануы тиіс. Мұндай шешімді 23 маусымда Республикалық арнайы комиссия шығарды.

Оған сәйкес, азаматтар арасында жауапкершілікті күшейту бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу және қоғамдық көліктерді соңғы аялдамаларда дезинфекциядан өткізу тиіс.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне қарағанда, енді демалыс орындарына, балалар лагеріне барушылар 72 тәулік ішінде ПТР тест тапсыруы тиіс.

Соңғы күндері Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны екі есеге көбейген.

Осыған дейін арнайы комиссия вакцинаны тегін алатын азаматтардың категориясын кеңейткен. Оған сәйкес, 50 жастан асқандар және университет оқытушылары коронавирусқа қарсы тегін вакцина ала алады.

XS
SM
MD
LG