Ссылки доступа

АҚШ-та "Капитолийді басып алу ісі" бойынша алғашқы үкім оқылды


Участники штурма Капитолия, 6 января 2021 года
Участники штурма Капитолия, 6 января 2021 года

АҚШ соты "Капитолийді басып алу ісі" бойынша айыпталған Индиана штатының тұрғынына үш жыл шартты жаза беріп, 120 сағат қоғамдық жұмыс істеуге міндеттеді. Айыпталушы Анна Морган Ллойд сонымен бірге 500 доллар көлемінде айыппұл төлеуі тиіс.

Ол өзіне тағылған айыптарды мойындап, тергеу органдарымен келісімге келген. Сот кезінде ол бұрынғы президент Дональд Трампты қолдап, өзге демонстранттармен бірігіп штурм жасағаны үшін америкалықтардан кешірім сұрады.

Сот оның тәртіпсіздікке қатысуды алдын ала жоспарламағанын және күш көрсетпегенін ескеріп, түрмеге жібермеген.

  • Биыл 6 қаңтарда АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Ақ үй маңындағы митингіде 2020 жылы өткен президент сайлауы нәтижесінің бұрмаланғанын (сот оның тұжырымдарын растамады) айтқаннан кейін жақтастары Конгресс ғимаратына басып кірген. Ашулы топ әйнектерді шағып, сақшылармен төбелескен. Дәл сол кезде Конгресте қос палатаның отырысы өтіп жатқан. Онда заң шығару орган өкілдері Джо Байденнің жеңісін мақұлдамақ болған. Бірақ олар шұғыл эвакуацияланды. Қақтығыстың салдарынан бес адам қаза тапты, арасында Конгресс полициясының офицері бар.
  • АҚШ Конгресі "Капитолийді басып алу ісіне" қатысты тәуелсіз комиссия құратынын мәлімдеген. Бірақ сенаттағы республикашылдар ұсынысты өткізбей қойды.
  • Бұл іске шамамен 500 адам тартылған.
XS
SM
MD
LG