Ссылки доступа

Қырғызстан бірқатар ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттауға тыйым салды


Қырғызстан бірқатар ауыл шаруашылығы өнімдерін Еуразиялық одаққа мүше елдерден басқа мемлекеттерге экспорттауға тыйым салды. Бұл жөнінде қырғыз үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, бидай ұны, қант, күріш, өсімдік майы және жұмыртқа шетел нарығына шығарылмайды. Бұдан бөлек мал жемінің экспортына толық тыйым салынады.

Сонымен бірге Қырғызстанға қант, өсімдік майы және ет алып келушілерді қосымша құн салығынан босату жөнінде шешім қабылданды.

Үкімет мәліметінше, бұдан бюджетке 200 млн сом түспей қалады. Бірақ бұл шешім азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде оң нәтиже береді дейді.

Биыл Орталық Азия елдерінде құрғақшылық байқалады. Азық-түлік бағасы бірден өсіп кетті.

XS
SM
MD
LG