Ссылки доступа

Ресей вице-премьері: құрылыс аймағына 5 млн еңбек мигранты жетіспейді


РФ вице-премьері Марат Хуснуллин

Алдағы екі жылда Ресейдегі құрылыстарға 5 миллионға жуық еңбек мигрантын тарту керек. Бұл туралы бейсенбіде өлке вице-премьер министрі Марат Хуснуллин мәлімдеді.

Ол губернаторлардан бұл мәселені заңдық жағынан реттеп, шешуді сұрады.

"Интерфакс" агенттігі хабарлағандай, наурыз айының басында Ресейдің құрылыс министрлігі өлкеде 1,2 миллион жұмыс күші жетіспей жатқанын хабарлаған.

Ресейдің әлеуметтік зерттеулер орталығының директоры Анатолий Клюев алдағы он жылда Ресейде халықтың жұмысқа жарамды бөлігі 7 миллион адамға қысқаратынын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG