Ссылки доступа

Ташкентке кіретін жолдардың жабылуынан бірнеше шақырымдық көлік тығыны пайда болды


Өзбекстан астанасына кіретін бірнеше жолдың жабылуына байланысты Ташкентте бірнеше шақырымдық көлік тығыны пайда болды.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, 27 маусымда сағат 17:00-ден бастап Ташкентке кіретін жолдарға бетон бөгеттер қойыла бастады.

"Қалаға кіріп-шығатын адам санына бақылау орнату үшін санаулы ғана бақылау-өткізу бекеті ашық тұрады", - деп жазды жергілікті БАҚ. Мәліметке қарағанда, коронавирус жұқтырған науқастарға арналған аурухана орналасқан Зәңгіата ауданына "Эркин" бекеті арқылы ғана өтуге болады.

Астанаға кіретін жолдардың жабылуына байланысты Ташкенттегі "Бек Барака" және "Абу Сахий" базарларына баратын жолда бірнеше шақырымдық көлік тығыны пайда болды.

Бұның алдында республикалық арнайы комиссия автокөліктердің Ташкентке кіруіне шектеу енгізген. Шектеу мерзімі 28 маусымда басталып 12 шілдеге дейін созылады.

XS
SM
MD
LG