Ссылки доступа

Өзбекстанда милиция қызметкері өз-өзін атып өлтірген


Ташкент облысындағы Ангрен қаласында милицияның бір қызметкері өз-өзін атып өлтірді. Өзбекстан ІІМ-нің баспасөз қызметі осылай деп хабарлады.

Мәліметке қарағанда, 27 маусымда сағат 13.00 шамасында Ангрен милициясының бір қызметкері ішкі істер бөлімі ғимаратының төртінші қабатында Макаров тапаншасымен өз-өзін атып өлтірген. Ер азамат оқиға орнына қаза тапқан.

Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, 34 жастағы жігіттің өлімін министрліктің арнайы тобы мен прокуратура зерттейді. Іс барысын Өзбекстан ішкі істер министрі Пулат Бободжонов жеке өзі бақылайды.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, марқұмның бауыры інісіне Акмаль есімді бір кісі қысым көрсеткенін айтқан.

XS
SM
MD
LG