Ссылки доступа

Самарқанд әкімшілігі алдында әйел өзін өртемек болды


Самарқандта үйінің сүрілуіне наразы болған әйел жергілікті әкімшілік алдында өзін өртемек болды.

Самарқанд облыстық прокуратура мәліметіне қарағанда, билік өкілдері бұл оқиғаны аудандық прокуратурада талқылаған. Нәтижесінде, әйелдің заңсыз салынған үйін сүріп, оған субсидия негізінде басқа үй беру жөнінде шешім қабылданған.

Былтыр қараша айында қызының өлімі бойынша тергеу ісіне наразы болған әйел облыстық прокуратура алдында өзін өртеген. 2020 жылы қазан айында Наманганда үйінен күштеп шығарылған әйел өзін өртеп, бұл өмірмен қоштасқан.

XS
SM
MD
LG