Ссылки доступа

Қырғыз президенті Түркіменстанға сапарын аяқтап, Душанбеге барды


Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 28 маусымда ресми сапармен Тәжікстан астанасы Душанбеге барды. Мемлекет басшысын Тәжікстанның премьер-министрі Кохир Расулзода күтіп алды.

28-29 маусымда белгіленген ресми сапар аясында Садыр Жапаров Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен екіжақты кездесу өткізеді. Екі ел басшылары қырғыз-тәжік мемлекеттік шекара мәселелерін талқылайды.

Қырғыз-тәжік шекарасындағы қарулы қақтығыстан кейін екі өлке басшылары бірінші рет кездескелі отыр.

28 маусымда Жапаров Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымұхамедовпен кездесіп, екі ел президенттері бірлескен бизнес жобаларды қолдау үшін жарғылық капиталы 100 миллион доллар болатын қырғыз-түркімен даму қорын құру жөнінде келісімге қол қойған.

Одан тысқары күз-қыс мезгілінде Қырғызстанға түркімен газы мен электр энергиясын жеткізу, Бішкек қаласында қырғыз-түркімен сауда үйін және Ыстықкөл облысына денсаулықты шыңдау кешені мен бес жұлдызды мейманхана салу жөнінде қол қойған.

XS
SM
MD
LG