Ссылки доступа

Тәжікстанда 200 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцина салғызды


Тәжікстанның денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі соңғы үш тәулікте 52 мың адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды деп мәлімдеді.

Тәжікстанда екпе салдыру тек емханаларда ғана емес, үйлерде, мешіттер жанындағы мобилді медициналық емханаларда да жүріп жатыр. Елде екпеге сенбейтіндер саны да көп.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, 27 шілдедегі көрсеткіш бойынша COVID-19 вирусына қарсы 205 мың 619 адам екпе салдырған.

Тәжікстанға 20 маусымда қытайлық Sinovac Research & Development Co. Ltd компаниясынан COVID-19 вирусына қарсы 300 мың дана вакцина келген. Осыған дейін өлке COVAX бағдарламасы аясында AstraZeneca вакцинасынан 192 мың дана алған.

Өткен аптада тәжік билігі коронавирус инфекциясын жұқтырған жаңа жағдайлар тіркелгенін ресми мәлімдеген. Жыл басынан бері ресми Душанбе вирусты толық жеңдік деп келген.

Ресми мәлімет бойынша сегіз миллион халқы бар Тәжікстанда коронавирус инфекциясы 13 439 адамға жұғып, оның 90-ы көз жұмған. Бірақ бірқатар дәрігерлер коронавирус жұқтырғандар мен көз жұмғандар саны әлдеқайда көп екенін айтып келеді.

XS
SM
MD
LG