Ссылки доступа

Ресей ІІМ басшысы туралы зерттеу жариялаған "Проект" басылымының журналистеріне полиция келді


Роман Баданин
Роман Баданин

Сейсенбі күні таңертең полиция "Проект" басылымының бас редакторы Роман Баданин мен журналист Мария Жолобованы тексеруге келді. Бұл туралы "Проект" телеграм-арнасында хабарланды.

Полиция қызметкерлері Баданиннің пәтерін тінтіген.

Жолобованың да пәтерін полиция тексеріп жүр. Полиция қызметкерлері басылым тілшісінің үйінің маңында "Проект" бас редакторының орынбасары Михаил Рубинді ұстады. Рубиннің ата-анасының пәтері де тінтілді, полиция қызметкерлері журналисті сонда алып барды, деп хабарлады басылым.

Полиция мұндай тінтулердің себебін түсіндірмеген. Жолобованың адвокаты Василий Кушнирдің ТАСС агенттігіне хабарлауынша, олар "жала жапты" деген күдікке ілінген. Бұл істе кәсіпкер Илья Трабер жәбірленуші ретінде тіркелген. Баданиннің адвокаты Анна Богатырёваның "Дождь" телеарнасына хабарлауынша, "Проект" бас редакторы да күдіктілер қатарында бар.

Трабер - петербургтік кәсіпкер, "Проект" басылымы оны "Путиннің досы", "орыс мафиясының өкілі" деп сипаттаған. Басылымның "Питерліктер. Әке мен бала" деректі фильмін "Дождь" телеарнасы көрсеткен.

Мария Жолобова мұндай тінтулерге "Проект" басылымының бүгін жариялаған зерттеуі түрткі болды деп есептейді. Жаңа журналистік зерттеу ІІМ басшысы Владимир Колокольцев туралы.

Зерттеуде ішкі істер министрінің жылжымайтын мүліктері туралы сөз болған.

Мария Жолобова бұған дейін Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров туралы да шулы зерттеу дайындаған.

Бұның алдында "Проект" басылымы Владимир Путин мен оның айналасындағылар туралы бірнеше зерттеу жариялаған.

XS
SM
MD
LG