Ссылки доступа

Тәжікстан мен Қырғызстан президенттері төрт құжатқа қол қойды (видео)


Эмомали Рахмон (оң жақта) және Садыр Жапаров
Эмомали Рахмон (оң жақта) және Садыр Жапаров

Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың 29 маусымда Тәжікстанға барған ресми сапарында бірнеше құжаттарға қол қойылды. Одан бөлек Садыр Жапаров пен Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон бірлескен мәлімдеме қабылдады.

Төменгі құжаттарға қол қойылды:

  1. Қырғызстанның денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мен Тәжікстанның әлеуметтік қамсыздандыру және зейнетақы бойынша агенттігі арасында зейнетақымен қамтамасыз ету бойынша қызметтесу жөніндегі келісім;
  2. Қырғызстанның мемлекеттік кадр қызметі мен Тәжікстанның мемлекеттік қызмет агенттігі арасында өзара қызметтесу жөніндегі меморандум;
  3. Қырғызстанның мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігі мен Тәжікстанның жастар істері және спорт комитетінің арасында қызметтесу жөніндегі меморандум;
  4. "Кабар" қырғыз ұлттық ақпарат агенттігі мен Тәжікстанның "Ховар" ұлттық ақпарат агенттігінің арасында қызметтесу жөніндегі меморандум.

Садыр Жапаров Тәжікстанға ресми сапармен 28 маусымда барып, сол күні Эмомали Рахмонмен биресми кездесті. 29 маусымда өлке басшылары жабық есік жағдайында, кейін кеңейтілген форматта қырғыз-тәжік шекарасы туралы сөз етті.

Бұл екі өлкенің 55 азаматының өмірін алған сәуір айындағы қырғыз-тәжік шекара жанжалынан бергі алғашқы жоғарғы саяси жолығу.

Сонымен бірге, Қырғызстанда президент сайлауынан кейін мемлекет басшысы болған Садыр Жапаров президент ретінде Эмомали Рахмонмен бірінші рет кездесті.

XS
SM
MD
LG