Ссылки доступа

Бішкекте жалған ақпараттан қорғау туралы заң жобасына қарсы акция өтіп жатыр


Қырғызстан астанасында "Жалған және сенімсіз ақпараттан қорғау туралы" заң жобасының қабылдануына қарсы наразылық акциясы өтіп жатыр.

Белсенділер бұл құжат Қырғызстанда сөз еркіндігін шектейді деп есептейді.

Парламенттің бүгінгі отырысында заң жобасын ұсынған Гүлшат Асылбаева құжатты талқылауды күн тәртібіне шығаруын сұрады. Заң жобасында Интернет қолданушылардың, сайт қожайындары мен интернет-провайдерлердің жауапкершіліктері мен құқықтары жазылған. Құжатты депутаттар былтыр ұсынған.

Азаматтық қоғам наразылығынан соң заң жобасы өңдеуге қайтарылған. Парламенттің салалас комитетінде жобаны жетілдіретін топ құрылған. Енді бұл құжат "Жалған және сенімсіз ақпараттан қорғау туралы" заң деп аталады.

Қоғам өкілдері билік осы құжаттың көмегімен елде сөз еркіндігін "бақылауда ұстағысы" келеді деп алаңдап, парламенттен заң жобасын қабылдамауын талап етті.

XS
SM
MD
LG