Ссылки доступа

Қырғыз үкіметі мигранттарға арналған жаңа www.migrant.kg сайтын қосты


Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі мигранттарға арналған жаңа www.migrant.kg сайтын қосты.

"Орталық Азиядағы қауіпсіз миграция" жобасын USAID қолдауымен Winrock International жүзеге асырып жатыр. Порталды таныстыру салтанаты 2 шілдеде Бішкекте өтеді.

Ресми мәлімет бойынша, мигранттар веб-ресурстың көмегімен Ресей аумағына кіруге тыйым салынғандар тізімінен өзін онлайн-режимде тексеріп, шетелде жұмысқа орналастыру туралы жекеменшік агенттіктер туралы ақпарат ала алады. Бұған қоса, осы сайттың көмегімен арқылы миграция мәселелері жөнінде кеңес алуға болады.

Сонымен бірге, сайтта шетелде қайтыс болған адамның мүрдесін Қырғызстанға жеткізу жолдары туралы мәлімет жарияланған.

Ресми емес мәлімет бойынша, бір миллионға жуық қырғызстандық шетелде, көбісі Ресейде жұмыс істеп жүр.

XS
SM
MD
LG