Ссылки доступа

АҚШ қолбасшысы Ауғанстанда азамат соғысы басталуы мүмкін екенін ескертті


Командующий войсками США и НАТО в Афганистане генерал Остин Скотт Миллер
Командующий войсками США и НАТО в Афганистане генерал Остин Скотт Миллер

АҚШ пен НАТО-ның Ауғанстандағы әскерлерінің қолбасшысы генерал-лейтенант Остин Скотт Миллер Ауғанстанда ушығып бара жатқан жанжал азамат соғысына ұласуы мүмкін екенін ескертті.

Миллердің айтуынша, "Талибан" радикал қозғалысы содырларының Ауғанстанда жаңа жерлерді аз уақытта басып алуы осы елге көрші мемлекеттердің үкіметтерін алаңдатуы тиіс. Генерал-лейтенант әлемдік қауымдастық Ауғанстанның бейбіт тұрғындарының үмітін сөндірмеуі тиіс деп есептейді.

БҰҰ мәліметі бойынша, 1 мамырда НАТО әскерлері елден шығарыла бастағалы бері тәліптер Ауғанстандағы 370 уездің елуіне бақылау орнатты. Тәліптер Ауғанстанның Тәжікстанмен шектесетін төрт провинциясындағы Чахеб, Янги-Калъа, Даркад, Дашти-Кала, Ходжагор, Дашти-Арчи, Имом-Сохиб және Калаи-Зол уездерін, сонымен бірге "Шерхон-Бандар" мен "Кокул" шекара бекеттерін басып алған.

Генерал Миллер 29 маусымда Кабулде өткен баспасөз конференциясында Озоди радиосының "Талибан" содырларына әуеден жасалған шабуылдар туралы сауалына жауап беріп, тәліптер мұндай шабуылдардың жалғасуын қаламаса, әскери операцияларының бәрін доғаруы тиіс деп мәлімдеді.

"Талибан" қозғалысының баспасөз хатшысы Забехулло Муджохид Озоди радиосына АҚШ-тың Ауғанстандағы әскерін шығаруы ұзаққа созылып кеткенін айтып, Вашингтонды Катардағы келісім шарттарын бұзды деп айыптады. "Осы келісімге сәйкес, АҚШ "Талибанға" қарсы әскери операция жүргізуге құқығы жоқ. Келісім шарты бұзылған жағдайда, аяусыз қарымта әрекеттерге дайын болуы тиіс", деп мәлімдеді ол.

14 сәуірде АҚШ президенті Джо Байден 11 қыркүйекке дейін Ауғанстаннан америкалық жауынгерлерді түгел шығаратынын мәлімдеді. 1 мамырда АҚШ әскері Ауғанстаннан кете бастады.

XS
SM
MD
LG